15.03.2024 жылы Сәтбаев қаласындағы «Балалар өнер мектебі» КМҚК оқытушылар арасында педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидаларымен, шарттарымен түсіндірме жұмысы жүргізілді. Балалар өнер мектебінің директоры Амралинова Ж.Ш. және әдістемелік ісі жөніндегі директор орынбасары Мусина А.О. 2024 жылғы педагогтарды аттестаттау кезіндегі өзгерістермен таныстырды. Қосымша білім беру педагогтарына қатысты тармақтарға нақты тоқталып, мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.