Бүгін Сәтбаев қаласы “ Балалар өнер мектебі ” - Юнеско клубы дәстүр бойынша осы уақытта өтетін “ Жас талант - 2024 ” байқауын өткізді. Байқауға өнер мектебінің оқушыларымен қатар музыка мектебінің оқушылары болып, 70 - ке таяу оқушы қатысты. Домбыра, қобыз, домбырамен ән айту, жетіген, саз сырнай, баян, гитара, флейта, вокал, дуэт, ансамбльдер болды. Оқушылардың өнерін оқушылармен қатар ата-аналар да тамашалады. Қатысқан оқушылар орындарға бөлініп, грамоталармен мараппатталынды.