Сәтбаев қаласы “Балалар өнер мектебінің” халық аспаптар бөлімінің оқушылары ( ұстазы Абишева А.Б, концертмейстр Т.А) Алматы қаласында өткен ІІІ Республикалық “Әлемді аялаған-ана” байқауына қатысып, “Аспапта ойнау орындаушылық өнері-домбыра” номинациясы бойынша Болысбек Айару, Нұрбала Жанат, Ерболатұлы Айсұлтан бас жүлдеге ие болды.


Сүйінші !!! Сәтбаев қаласы "Балалар өнер мектебінің" 4 сынып оқушысы Төлеу Мансұр "lAF" халықаралық өнер фестивалінің аясында 2024 жылдың 4 ақпанда Жезқазған қаласында өткен "SHAHU" республикалық іріктеу байқауында Бас жүлдені иеленді. 19 сәуірде Астана қаласында өтетін Республикалық финалға қатысуға жолдама алды. Ұстазы Оразалин М. Б. Құттықтаймыз!!!