Бүгін Сәтбаев қаласы “Балалар өнер мектебінде” Наурыз мерекесіне орай мектеп ұжымының арасында “Наурыз аруы-2024” атты ұлттық құндылықты қастерлейтін, салт-дәстүрімізді насихаттау аясында қыз сыны өтті. Сайысқа қатысқан арулар өзін-өзі таныстыруда тіл көркемдігілімен қатар заманауи ұлттық киімдерді көрсетті. Өз қолдарымен дайындаған тағамдарынан дәм татқызып, өз өнерлерін ортаға салды. Сайысқа қатысқан арулар өз өнерлерімен, біліктілігімен, сымбаттылығымен ерекшеленіп Өнерлі ару, Көктем ару, Қайсар ару, Кербез ару, Инабатты ару номинациялар бойынша марапатталды.