Құрметті достар, 2023 жылдың 7 маусым күні Астана қаласында ЮНЕСКО аясындағы “The Planet of ART 2023 – ЖҮРЕГІМІЗ БІРЛІКПЕН ҮНДЕССІН” Халықаралық жастар фестивалі музыкалық циклінің Гала-концерті өтті. Сахнада 5 мыңнан астам қатысушының ішінен іріктелген Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 12-18 жас аралығындағы, сонымен қатар «ERG Zhuldyzdary» номинациясының жеңімпаздарын қоса алғанда 42 лауреат өнер көрсетті. Вокалдық, аспаптық және хореографиялық бағыт бойынша өнерлерін ортаға салған дарынды жастар кең жұртшылыққа өздерінің көркемдік шеберлігі арқылы ұмытылмас музыкалық қойылым сыйлады. Гала-концерттің құрметті қонағы болған ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуле ханым алғаш рет жобаны тамашалады. Өзінің құттықтау сөзінде Қазақстандық ЮНЕСКО клубтары Федерациясы президенті Болат Ақшолақовқа осы фестивальді ұйымдастырғаны және жастардың шығармашылығына қолдау көрсету ісіне адалдығы үшін алғысын білдіріп, ұйым ЮНЕСКО Клубтық қозғалысының әлемдегі ең белсенді және баға жетпес мүшелерінің бірі болып табылатынын атап өтті. Қаншама жас талантты бір арнаға тоғыстырған айтулы фестиваль финалы алғаш рет Павлодар қаласында және екінші Гала-концертпен Астана қаласында өтті. Лауреаттермен бірге 10 күн бойы үздік тәлімгерлер, қоюшы режиссерлер командасы жұмыс жасаса, ал концертті дайындауға Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург және Сеул мамандарының шығармашылық тобы атсалысты. Қолдаушылар: ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы, @unescoalmaty, @akimat_astana және @pavlodar_region. Бас серіктес: @ergkazakhstan Ортақ серіктестер: "Tengizchevroil" және @totalenergies_kz компаниялары Ақпараттық серіктес: @tengrinewskz Серіктестер: @drygou_beautybar, @atmosphere_gulshat_akhmet, @solo_beautylab, @triumphbeautycouture и @metapsychology
https://dshisatpaev2023.edu.kz/kz/zhanaly-tar/zha-aly-tar-fotosurettermen/467-the-planet-of-art-2023-zh-regimiz-birlikpen-ndessin.html#sigFreeIda53bdda8fc