Қазақстан Республикасы Оқу – ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің 17.04.2024 ж 05-1-05-4\ 2696 - И хатына сәйкес Мемлекет басшысының «Жасыл Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын қосу туралы тапсырманы орындау мақсатында 27 сәуір 2024 жылы Ұлытау облысы Балалар өнер мектебінде көгалдандыру іс – шаралары ұйымдастырылды. Іс – шараға «Қазақмыс» корпорациясының өкілі Нұрсұлтан Таңатар және мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары белсене қатысты. Балалар өнер мектебінің директоры Амралинова Жанна Шакировна мектеп аумағын көгалдандыруға атсалысқаны үшін барлығына алғысын білдірді.Акцияға 60 -қа жуық қызметкерлер, мұғалімдер қатысты. Іс –шара барысында акцияға қатысушылар бір кісідей жұмыла жұмыс жасады.
https://dshisatpaev2023.edu.kz/kz/zhanaly-tar/zha-aly-tar-fotosurettermen/535-zhasyl-aza-stan.html#sigFreeIdf445357eb4