Сәтбаев қаласы “Балалар өнер мектебінің” домбыра мұғалімі Абишева Анар Бодыкбаевна “Дұрыс отыру және аспапты дұрыс орналастыруды қалыптастыру. Отыру, дененің қалпы, білектің биіктігін қою” тақырыбында біліктілігін арттыру курсынан алған тәлім- тәрбиесімен бөлісті. Әр түрлі қиын шығармаларды ойнағанда саусақтардың жеңіл алуына, оң қолдың тез шаршап қалмауына отырған отырысымыздың әсері үлкен екендігі айтылып, оған үлкен мән беру керектігімізге тоқталды. Дұрыс отырғызу мен аспапты дұрыс орналастыруды қалыптастыру- оқытушының басты міндеті.