Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында академик, ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған “Балалар өнер мектебінің Юнеско клубының” жыл сайын өткізілетін есеп беру концерті өтті. Сахнада әйгілі классиктердің туындылары мен заманауи авторлардың әндері жас болса да талантты өнерпаздардың орындауында көрсетілді. Мерекелік іс-шараға көрермен болып келген ата-аналар өздерінің керемет көңіл-күйлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.
#художественно_эстетическое_направление