Бүгін Республика күніне орай Сәтбаев қаласы ҚМКҚ “Балалар өнер мектебінің” аспаптар бөлімнің ұстаздары “Көрме-концерт” ұйымдастырды. Балалар өнер мектебінің директоры Ж.Т. Амралинова құттықтау сөз сөйледі. Көрмеде бейнелеу өнері мен сән театры оқушыларының жұмыстары көрсетілді. Концертте музыкалық бөлімнің оқушылары және хореография бөлімінің оқушылары атсалысты. Абай, Чайковский, Иванов, Қоразбаев, Мельниковтың шығармалары ойналып, орыстың “Калинка” биі орындалды. Іс шараның мақсаты: мерекенің тарихымен таныстыру, Отанымыз жайында түсінік бере отырып, қазақ халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет- ғұрыптарын бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
https://dshisatpaev2023.edu.kz/kz/zhanaly-tar/zha-aly-tar-fotosurettermen/491-k-rme-kontsert.html#sigFreeIda0855f880f