«Домбырамен ән» сыныбының ұстазы Оразбекова Р. А және «Домбыра» сыныбының ұстазы Абишева А. Б. 9 маусым күні сағат 12.00 де жоспар бойынша Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияның жазғы сауықтыру орталығындағы «Біз бақытты баламыз», «Салауатты ұрпақ» және 3 мектептен «Балдәурен» отрядтары Балалар өнер мектебіне «Домбырамен халық әндер мен күйлерін таныстыру» соңында оқушыларымыз Кенжалиева Маржан, Жанат Айару және Ахметәлиұлы Ақниет өз өнерлерін көрсетті. Келген оқушылар өнер мектебін аралап әр аспаптармен танысты, көңілдерінен шықты, оқушылар дән риза болды.