Бүгін Сәтбаев қаласы ҚМҚК “” Балалар өнер мектебі”-Юнеско клубы қалалық “ Жас талант- 2023” байқауын өткізді. Байқауға халық аспаптар бөлімінің ( домбыра, домбырамен ән айту, қобыз, саз сырнай) оқушылары қатысты. Барлық қатысқан оқушылар саны 56 Байқауда жеке орындаушылармен қатар домбыра, қобыз ансамбльдерінің оқушылары қатысты және дуэт болып екі дауыста әр түрлі аспапта ойнап өнерлерін көрсетті. Домбырашылар ансамбльі “Қарлығаштар”, қобызшылар ансамбльі “Қаламқас”, Ұлар дуэті ( домбыра), “Мұрагер” дуэті( домбыра), “Саз әуені” дуэті ( саз сырнай). Бірнеше оқушы жоғарғы орындарға ие болды. Ата-аналар қуанып алғыстарын айтты. Оқушыларымызға өнерлерін өрге жүзсін демекпіз.