30 қараша күні Жезқазған қаласында “Жеті өнер” шығармашылық орталығы ұйымдастыруымен “ BE STAR/ Жұлдыз бол” VIII Республикалық өнер конкурсы өтті. Конкурсқа 83 оқушы дайындап, заманауи, халықтық, стильданған үлгідегі билерді көрермендер назарына ұсынды. “Алақай” үлгілі би ансамблі биік деңгейде өнер көрсетіп, жоғары марапаттарға ие болды.

1. “Воздушные шарики” - Алтын Гран-при

2. “Тик-ток” - І орын

Жетекшісі: Джанадилова Қ.М

3. My dance” - І орын

4. Қазақ биі “Балдәурен” - І орын

Жетекшісі: Русанова А.А

5. “Shine” - III орын

Жетекшісі: Шевченко Е.А

6. “Қамажай” - ІІ орын

Жетекшісі: Таева Г.Д

7. “Аққу” - Москвитина Мария жеке орындау.

Ұжымға “Самая дружная семья” кубогі, әр топ мүшелері диплом мен медальонмен марапатталды. Ұстаздары Русанова А.А., Таева Г.Д., Джанадилова Қ.М., және Шевченко Е.А. “үздік педогог” дипломы, жеке естелік мүсіндер табыс етілді. Оған қоса әр ұстазға 2024-2025 оқу жылында Астана қаласында “BILIM ORKENIETI” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өтетін педогогтарға арналған форумдарға қатысуға - 15% жеңілдікпен шақыртуға ие болғандығын растайтын Сертификат берілді. “Алақай” үлгілі би ансамблі 2024-2025 жылы “Жеті өнер” шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінде өтетін халықаралық конкурстарға - 15% жеңілдікпен шақыртуға ие болды.

Хореография бөлімінің оқушылары және ұстаздарын марапаттарымен құттықтаймыз.