Сәтбаев қаласы "Балалар өнер мектебінде" Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған "Өнерін өнеге еткен Н.Тілендиев" атты тәрбие сағаты өтті. Экраннан оркестр сүйемелдеуімен ойнаған күйлері тыңдалып, өмірбаяны жайында деректі фильм көрсетілді. Мектебіміздің “Жігер” атты оркестрі “Ата толғауы” күйін ойнаса, “Мирас” фольклорлық ансамбльдің оқушылары “Әлқисса” күйін тарту етті. Нұрғиса Тлендиевтің “Сарыжайлау” әні орындалып, “ Көңілді бикеш” шығармасы фортепиано аспабының сүйемелдеуімен домбыра ұстазы Ш.И. Апаканова өзі орындап шықты. Табиғат көрінісімен қосылып жетіген аспабында “Аққу” күйі ойналды. Тәрбие сағатының соңында оқушылармен бірге “Құстар қайтып барады” әні шырқалды. Тәрбие сағаты өте мағыналы, қызықты өтті.
Жауапты ұстаздар:
Сейдахметов О.С.
Апаканова Ш. И.
Оразалин М.Б.