Сәтбаев қаласы "Балалар өнер мектебінің домбыра мұғалімі Апаканова Шайзат Имангалиевна "Халық аспаптары балалар музыкалық ұжымдарымен жұмыс істеу әдістері" тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсынан кейінгі жұмысымен бөлісті. Оркестр,ансамбль сабағының мақсаттары мен міндеттерін айта келе, репертуар таңдауда аса көңіл бөлу керектігін және оның маңыздылығын түсіндірді. Соңында осы тақырыпқа байланысты тест сұрақтары мен көптеген мағлұматтар алынды.