Сәтбаев қаласындағы Балалар өнер мектебінің оқытушысы Сейдахметов Омар Сағымбайұлы Абай Құнанбаев атындағы мектеп-лицейінде "Домбыра музыкасы" атты музыкалық сабағын өткізіп, балаларды аспаппен және домбырада ойнау техникаларымен таныстырды. Балалар мұғалімді қызығушылықпен тыңдап, оның домбырадағы шеберлігіне таң қалды.