2023 жылғы 3-4 сәуір күндері Алматыда #UNESCOClubsKZ тобы Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы @unescoalmaty және ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясымен бірлесіп "Білім беруді трансформациялау: үйлестіру, әзірлеу және енгізу" тұрақты даму мақсатында білім беру туралы хабардарлықты арттыру бойынша халықаралық семинар өткізді. Екі күндік семинар барысында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің спикерлері мен ЮНЕСКО-ның сертификатталған сарапшылары ТДМ енгізу бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, үздік тәжірибелерімен таныстырды, ал семинардың практикалық бөлімі Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық педагогтың осы бағыттағы дағдыларын тереңдетуге мүмкіндік берді. 🌐 Ұйымдастырушылар бұл іс-шара 2030 жылға дейінгі ТДМ бойынша іс-қимылдардың жаһандық бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру бойынша бастапқы міндеттемелерді қабылдауының бастапқы нүктесі болатынына және Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту бойынша қалыптастырылатын жол картасының негізі болатынына сенімді. Жоба ExxonMobil Kazakhstan Inc компаниясы, @holidayinnexpress.almaty қонақ үйі және @almatygenplan қолдауымен өтті.