07 наурыз күні КГКП “Балалар өнер мектебі” фортепиано бөлімінің жас мамандары Құтыбай Ботакөз Әмірбекқызы және Махамбетова Гаухар Канагатовна-8ші наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді. Бұл мерекелік іс-шарада мектебіздің оқушылары, ұстаздары және ата-аналар қатысқан болатын. Мерекелік іс-шараны, мектебіміздің домбрышылар ансамбльі-Әбдімомын Желдібаевтың “Ерке сылқым” күйімен ашты. Аспаптар бөлімінің ұстазы Итикеева Л.К флейтада “Come vorrei” шығармасын фортепианомен сүйемелдеуші Абилгазина Б.К. бірге орындап шықты. Фортепиано бөлімінің даярлық сынып оқушысы Тынымбек Ақмейір “Көңілді күн” әнін орындады. Оған қоса хореография бөлімінің түлегі Такен Шұғыла “Үнді биімен” көрермендерді таң қалдырды. Мерекелік іс-шара жақсы деңгейде өтті!