Бүгін Сәтбаев қаласы ҚМҚК "Балалар өнер мектебінде"-Юнеско клубы тәрбиелік жоспар бойынша" Күзгі әуен" атты концерттік кеш өткізілді. Жауапты ұстаздр: Каскабаева А. С, Жакупов Қ. А. Концертте күй сандықтың сүйемелдеуімен Е. Үсеновтың "Күзгі әуен" шығармасы қобыз аспабында ойналып, алақай тобының кіші топ бишілері "Умка" биін билеп, домбырамен ән айту сыныбының оқушысы "Туған жер" әнің орындады. Оқушылар Е. Үсенов "Кербез сұлу" шығармасын жетіген аспабында, флейта аспабында "Грусное воспоминаня" атты шығармасын тындады. Күз айына байланысты әр түрлі сөз жұмбақтар ойнатылды. Концерттің соңында домбырашылардан құралған квартет Желдібаев "Ерке сылқым" күйімен аяқтады.

#шеберлерәлемінесаяхат #сауаттылықапталығы