17 наурыз күні ҚМҚК "Сәтбаев қаласы Балалар өнер мектебі" Наурыз мейрамына арналған "Нұр Наурыз - халық тойы" атты әдеби - сазды композиция өтілді. Мақсаты: салт - дәстүрлерді дәріптеу, жалғастыру, көне мұраларды насихаттау. Іс шара халық аспаптар бөлімінің ұстазы Алдажанова Дәрігүл Темірханқызының орындауында "Наурыз "әнімен ашылды. Хореография бөлімінің ұстазы Джанадилова Қарлығаш Маратқызы қызбалалармен ұлттық оюлар ойып, барлық қатысушыларды ортаға шақырып "Қаражорға" биін билетті. Келесі кезекте ұстаздар Махмуд Батырханұлы және Құмарай Айтбекұлы ұл балалармен "Қазақша күрес", "Арқан тартыс" т. б. ойындар өткізді. Іс - шара, мерекеге арналып жайылған ақ дастарқан басында жалғасын тапты. Мерекені дайындап, өткізген: Хореография және халық аспаптар бөлімдерінің ұстаздары.