1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы: білім.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы Сәтбаев қаласының білім бөлімі
3. Оқшауланған қоғамдық қатынастар саласында қызмет ететін тұлғалардың іс-әрекет (іс-қимыл) ережелері
3.1 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартпен қозғалатын саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру барысында:
1) заңдылық ұстанымын, Конституция талаптарын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу;
2) жеке сипаттағы мәселелерді шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер және өзге тұлғалар қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау;
3) дау-жанжалды туындататын кез келген мүмкіндікке жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;
4) жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің жүзеге асырылуын қиындататын іс-әрекеттерге (іс-әрекетсіздіктерге) жол бермеу;
5) жеке мүліктік және мүліктік емес пайдасына қол жеткізу үшін өзінің лауазымдық өкілеттігін немесе сонымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбау;
6) жоғары кәсіби жұмыс үшін барлық күш-жігерін жұмсау, қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы, үнемді және өзге құзыретті амалдарын қолдану;
7) үнемі өзінің біліктілігі мен кәсіпқойлығын жетілдіру, жалпы мәдениет деңгейін арттыру;
8) қызметтік бабын асыра пайдалануға, әдепсіздік, жөнсіз төрешілдік танытуға жол бермеу;
9) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау, қажетті шаралар қабылдау;
10) өтінішпен жүгінген азаматтардың абыройы мен намысын құрметтеу.
3.2. өзінің құзыреті аясында басқарушылық және өзге шешімдерді дайындау және қабылдау барысында:
1)кәсіби этиканы сақтау;
2)кейбір тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға әрекеттену мақсатында жүгінгені жайында басшылыққа және уәкілетті органға хабарлау;
3)еңбек тәртібін мүлтіксіз орындау, билікті тиімді жүргізу, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқару, жұмыс уақытын тиімді пайдалану;
4)жеке және заңды тұлғаларға артықшылық көрсетпеу, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде олардың ықпалына тәуелсіз болу;
5)жеке сипаттағы мәселелерді шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер және өзге тұлғалар қызметіне ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау;
6)мүдделер қайшылығына жол бермеу, туындаған жағдайда оларды жою бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылдау.
3.3. нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу кезінде қызметші:
1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлық құқық нормалары заңнамасына қайшылықтарды анықтау мақсатында нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуі;
2) мемлекеттік және өзге органдар мен ұйымдардың білім беру саласындағы заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстарын ескеруі;
3) нормативтік құқықтық актілер жобасы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін қозғаған жағдайда, оны қауыммен міндетті талқылай отырып, әзірлеуі тиіс.
3.4. өмір қызметі саласындағы ерекшелікке байланысты туындайтын өзге өзара қарым-қатынас жасау барысында:
1)заңмен қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік қарастырылған қылмыс пен өзге құқықбұзушылықтарға жол бермеу;
2) қарамағындағы қызметшілерге қатысты негізсіз кінә тағуға, әдепсіздік, адамгершілік абыройын қорлау фактілеріне жол бермеу;
3) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында негізделген және сенімді мәліметтер ғана ұсыну;
4) мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, меншікті, автокөлік құралдарын қосқанда, тиімді, оңтайлы және қызметтік мақсаттарда ғана пайдалану;
5) ұжым арасында іскерлік өзара қарым-қатынас орнатуға және нығайтуға септігін тигізу;
6) қызметтік міндеттерін тиімді пайдалану үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
7) қызметін лауазымдық өкілеттігіне сәйкес жүзеге асыру;
8) қызмет әдептілігін ұстану;
9) сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды болдырмау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қабылдау, жазбаша түрде мүлтіксіз жоғары тұрған басшыға, уәкілетті мемлекеттік органдарға хабарлау.
4. Өзге шектеулер мен тыйымдар
Білім саласындағы қызметшіге:
- егер коммерциялық ұйымды басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық өкілеттігіне кірмесе, кәсіпкерлік іспен айналысуға, соның ішінде ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға;
- педагогикалық, ғылыми және өзге шығармашылық істен бөлек өзге ақылы іспен айналысуға;
- өзі қызмет ететін, немесе қарамағындағы не бақылауындағы мемлекеттік органда үшінші жақтың ісі жөнінде өкілі болуға;
- егер шаруашылық субъектілерді басқару немесе басқаруға қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық өкілеттігіне кірмесе, өздігінше шаруашылық субъектілерді басқаруға қатысуға, өзінің қызметтік өкілеттіктерін мүліктік немесе өзге игіліктерге қол жеткізу мақсатында құқыққа қайшы пайдалану арқылы ұйымдардың не жеке тұлғалардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға ықпал жасауға;
- қызметтік емес мақсатта материалдық-техникалық, қаржылық ақпараттық қамтамасыз етуді, өзге мемлекеттік мүліктік және қызметтік ақпаратты пайдалануға;
- мемлекеттік органдардың бірқалыпты қызмет етуіне және лауазымдық міндеттердің орындалуына, ереуілдерді қосқанда, кедергі болатын іс-қимылдарға қатысуға;
- қоғамдық адамгершілікке, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғушылықпен байланысты заңнама талаптарын бұзуға, басқа азаматтарды құқыққа қайшы, қоғамға қарсы іс-қимылдар жасауға тартуға;
- қызметтік жағдайын және сонымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің мүддесін қорғауда, соның ішінде оларға деген қарым-қатынасын насихаттау үшін пайдалануға;
- қызметшіге заңды, сондай-ақ жеке тұлғалармен қызметтік ісімен байланысты әрекеттері үшін марапаттау ретінде сый-сияпаттар, ақшалай сыйлар, демалысқа, сауықтыруға, ұялы байланысқа, көлік шығындарына арналған төлемдер алуға тыйым салынады.