2020 жылдың 28 ақпан күні Сәтбаев қаласы, Юнеско клубы- Балалар өнер мектебінде " Жас талант-2020" домбыра, қобыз, домбырамен ән айту, саз сырнай аспаптары бойынша қалалық байқау өтті. Дәстүр бойынша жылда өтетін бұл байқауға 48 оқушы қатысты. Өнер мектебі оқушыларымен қатар Весовая елді мекеніндегі музыка мектеп оқушылары да ат салысып, өз өнерлерін көрсетті. Жүлдегерлер орын алумен қатар грамота, сыйлықтармен марапатталды. Байқаудың жеңімпаздары облыстық, Республикалық, Халықаралық байқауларға жолдама алды. Алда өтетін байқаулардан зор үміт күтеміз.unescoclubs #unesco #unescokazakhstan #kazfuca #unescoclubsfamily