20  ақпан Сатпбаев  қаласы Балалар өнер мектебінде "Қорқыт  қобыз атасы ашық тəрбие сағаты өтті.Өнер мектебінің  қобыз сыныбының оқытушысы Естиярова С.Т өз оқушыларының өнерін көрерменге ұсынды.
Келген қонақтар Қорқыт атамыздың өмірбаянымен танысты.Қобызшылар ансамбілі  Ахмет Жұбановтың  "Қарлығаш және Абай сөзіне жазылған  "Айттым, салем  Қаламқас" əнін  орындады.  Тәрбие сағатына  музыка  колледжінің  студенті Қалдыбаев Нұрболат қатысып Ықыластың  "Жаз киік" күйін қыл қобызда орындап берді.
Мектеп  оқушыларынан құралған  ансамбілі Тастановтың "Би" шығармасын , Райымберді Аружан - "Қорқыт - Қобыз" əнін ортаға салды.
Қобыз аспабында күй мен қатар шет ел композиторының  шығармаларын орындауға  болатындығына дəлел Қазыкен  Мадина  монғол   халқының шығармасы "Ухаа хонгорын хурдар" фортопиано  сүймелдеуімен орындап берді.
Тəрбие сағатында қобыз аспабын қастерлеп және жеке тұлға қалыптастыруда оқушының бойындағы құндылықты бағалау.жəне ояту, дарындылықтың көзін ашу мақсатда болды.unescoclubs #unesco #unescokazakhstan #kazfuca #unescoclubsfamily