Кеше 26 наурыз күні Сәтбаев қаласы “Балалар өнер мектебінде” - “Өнер мектебінде оқытудың заманауи және тиімді әдістері” атты шығармашылық күн өтті. Бірінші бөлімінде оқытушы мен оқушылардың қатысумен “Ғажайып әлемі” көрінісімен концерт қойылды. Екінші бөлімінде тәжірибе алмасу мақсатында қала мектептерінің ұстаздарына ашық сабақтар, шебер кластар өткізілді. Осы іс- шараға арнайы келген Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы Б.Б.Ақышбеков, әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Д.С.Жолдыбаева, қосымша білім беру мекемелерінің кураторы, әдіскер Э.Қ.Сайдалина өз тілектерін білдіріп, шығармашылық күннің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.