Сәтбаев қаласы "Балалар өнер мектебінің" домбырамен ән ұстаздары Карина Н.Ш. мен Оразбекова. Р. А қарттар күніне орай 30 қыркүйек күні Жезқазған қаласындағы "Ұлытау облысының әлеуметтік қызметтері көрсету орталығы" КММ-не қарияларды мерекесімен құттықтау мақсатында жоғарғы дәрежеде мерекелік концерт берді. Мерекелік бағдарламамыздың басты мақсаты-қарттар күнініне орай қарттарымызға көтеріңкі көңіл күй және ән шашу тарту мақсатында. Мерекелік концертте вокал ұстазы Артемьев А. В, күйшілер, саз сырнайшылар домбырамен ән сыныбының оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Концерт соңында Балалар өнер мектебінің атынан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Артес Э. Г. концертті өткізуге мүмкіндік бергені үшін әкімшілікке алғыс білдірді және одан әрі белсенді ынтымақтастыққа үміт білдіріп, үлкен сурет сыйға тартты.