30 сәуір күні Ш.Ділдебаев атындағы кеншілер сарайында Сәтбаев қаласының 50 жылдығына орай “ Балалар өнер мектебінің - ЮНЕСКО клубы “Сәтбаев-қызғалдақтар қаласы” атты есеп беру концерті өтті. Сахна төрінде әр кезеңнің көптеген шығармалары әр түрлі аспаптарда орындалып, әр ұлттың билері қойылды. Концерттің алдында көркем сурет өнер бөлімінің оқушылары өз жұмыстарын көрсетіп көрме ұйымдастырды. Келген ата-аналар риза болып, алғыстарын жеткізді.