ҚМҚК Сәтбаев қаласының "Балалар өнер мектебі"- ЮНЕСКО клубы. Мектебіміздің түлегі, қазақтың ұлттық аспаптарын зерттеуші Бақия Азамат Бейсенәліұлы мектеп оқушылары мен ұстаздарына шебер класс өткізді. Өз қолымен жасаған керней, шаң қобыз, саз сырнай аспаптарымен таныстырып, домбырада орткемен жарасымды күйлер ойнап берді. Саз балшықтан саз сырнайды қалай жасайтынын көрсетіп, қойылған сұрақтарға жауап берген оқушыға сыйға тартты. Өте қызықты, мазмұнды, мағыналы сабақ болды.