КМҚК Сәтбаев қаласы ЮНЕСКО- клубы Балалар өнер мектебінде Ұлыстың ұлы күніне орай "Кел,төрлет мерейлі Наурыз!" атты тәрбиелік іс - шара өтті. Іс шарада халқымыздың ұлттық "Арқан тарту", "Көкпар", "Қазақша күрес" ойындары ойнатылып, қазақтың ұлттық әдет - ғұрпына байланысты викториналық сұрақтар қойылды. Жеңімпаздар сыйлықпен марапатталды. Бағдарлама барысында мектеп ұстаздары, оқушылары өнерлерін көрсетті. Іс - шараны халық аспаптары және хореография бөлімдерінің ұстаздары бірігіп атқарды.